Заң 10 Шілде, 2024

Пәтеріне 1000-ға жуық адамды тіркеген мүлік иесі сотталды

126 рет
көрсетілді

Астана қаласының прокуратурасы жалпы ауданы 35,7 ш.м. бір бөлмелі пәтеріне 937 адамды тіркеген мүлік иесін анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Ол пәтеріне есепсіз адамдарды тіркеу арқылы заңсыз көші-қон ұйымдастырған. Нақтыланған дерекке байланысты қылмыстық іс тіркелді.

Істі адамның заңсыз тұрғын үй-жайды бергені дәлелденді.

Сот үкімімен пәтер иесі Қылмыстық Кодекстің  394 – бабының 1 – бөлігі бойынша сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.