Сенат депутаты Серік Өтешов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті. Сенатор қалалардағы кейбір әлеуметтік маңызды нысандарда болып, жылумен қамтамасыз ету және сапалы медициналық қызмет көрсету мәселелерін тұрғындармен бірге талқылады.
Кездесу барысында өңірдің 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын іске асыру, Балқашта туристік кластер құру және Приозерск қаласында туристік инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды. С.Өтешов Балқаш қаласында көл жағалауының құрылысын көрді және медицина қызметкерлеріне арналған көппәтерлі үйді жаңғырту жұмысына куә болды, сондай-ақ аурухана қалашығын аралады. Депутат сондай-ақ Приозерск қаласында сапалы жылумен жабдықтаудың маңыздылығына назар аударды.
«Приозерск қаласының халқы мен кәсіпорындарын орталықтандырылған жылумен сенімді түрде үздіксіз қамтамасыз ету үшін заманауи талаптарға жауап беретін жабдықтар мен технологияларды пайдаланатын жаңа жылу көзі туралы мәселені қарастыру қажет», деп атап өтті С.Өтешов.
Сенатор сонымен қатар Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы және Шет аудандарында болған кезде Парламентте ағымдағы жылы қабылдаған заңдар туралы ауыл тұрғындарын хабардар етті. Ал депутаттың медицина қызметкерлерімен кездесуінде онкологиялық аурулардың көбеюіне байланысты Қарқаралы ауданының аумағында облыстық паллиативтік орталық құру мәселесі талқыланды.