Алматы облысы Қарасай аудандық соты 15 шілде күні өңір тауларында мотоцикл жүргізушілерін қамшымен сабап, мылтық кезеген бір топ азаматқа қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы облысы Қарасай аудандық сотында топтық бұзақылық (ҚК-нің 293-бабы 3-тармағы бойынша) жасады деген күдікпен айыптаушылар Н., О., А.-ға қатысты Қарасай ауданы полиция басқармасының «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаты қаралды.
Іс бойынша жәбірленуші сот отырысында қазіргі уақытта күдіктілермен татуласқанын көрсетіп, оларды қоғамнан оқшауламайтын бұлтартпау шарасын қолдануды сұраған.
- Сот ҚПК-нің 55, 146-148-баптарының нормаларын ескере отырып, «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау үшін негіздердің болмауына байланысты аталған бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартты және «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, - делінген сот хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.