• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Есірткі Бүгін, 20:55

Алматыда есірткі зертханасы анықталды

36 рет
көрсетілді

Алматы облысы Наурызбай ауданындағы жеке үйлердің бірінде синтетикалық есірткі дайындалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үйді тінту кезінде тұрғын үйдің жертөлесінде шыны ыдыстар, прекурсорлар, химиялық заттар мен синтез қалдықтары салынған канистрлер, таразылар, араластырғыш, синтез камерасы, қою-сары түсті сұйықтық салынған ыдыстар, тыныс алу органдарына арналған маскалар, химиялық жұмыстарға арналған комбинезон және басқа да жабдықтар анықталды.

Күдіктіге оның екі танысы көмектескені жедел анықталды.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар мефедрон екені белгілі болды, прекурсордың жалпы салмағы 7 келіден асады.

Аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Күдіктілер қамауға алынды.