• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Білім Кеше

Грузияда Қазақстан оқушылары 4 медаль жеңіп алды

40 рет
көрсетілді

Грузияда EuPhO  Еуропалық физика олимпиадасы аяқталды. Қазақстан оқушылары тағы төрт медаль иеленіп, жеңіс қоржынын толықтырды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы Бекасыл Елубай мен Астана қаласы РФММ 10-сынып оқушысы Альтаир Ақанов күміс медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ Н.Нұрмақов атындағы Қарағанды облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова мен Атырау қаласының № 1 «Білім-Инновация»  мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Нұрасыл Барлыбаев қола медаль еншіледі.

Еске салайық, Еуропалық физика олимпиадасы жоғары сынып оқушылары арасында өтеді. 2023 жылы еліміздің командасы 1 күміс, 2 қола және 1 Құрмет грамотасын жеңіп алған еді.