2024 жылғы 22 шілдеде Еңбекшіқазақ ауданының полициясына адам сүйектерінің табылғаны туралы хабарлама түсті, деп жазады Egemen.kz.
Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов мәлімдеді.
- Сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалып өткізіліп жатыр, - деп жазды ол.
Үш жасар Айя-София 17 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткен.
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда.