27-29 шілде күндері елордада тағы екі жол учаскесі уақытша жабылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Белгіленген екі күнде Тәуелсіздік даңғылынан Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскеде Б. Момышұлы даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ осы жұмыстар шеңберінде 28 шілде күні (бір күнге) Тәуелсіздік даңғылы мен Б.Момышұлы даңғылының қиылысын жабу жоспарланып отыр.