Алматы облысы Шалқар ауылындағы жеке тұрғын үй аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өрт сөндірушілер қоймадағы 20 тонна шөп өртенгенін хабарлады.
«Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, өрт себебі анықталып жатыр», деп түсіндірді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.