• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 02 Тамыз, 2024

Қазақстан-Еуроодақ қарым-қатынасы жанданып келеді

61 рет
көрсетілді

Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіп­сіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуро­палық комиссияның вице-президенті Жозеп Боррель елімізге ресми сапары аясында Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөз жүргізді.

Соңғы жылдары Қа­зақ­стан мен Еуропалық одақ арасында өзара сенім­ге, құрметке және ортақ ба­сым­дықтарға негізделген берік қарым-қатынас барынша дамып ке­леді. Бұл жайында еліміздің Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жозеп Боррельдің Қазақстанға ресми сапары барысында атап өтті.

– Жозеп Боррельдің бү­гінгі сапарына ерекше мән береміз. Боррель мыр­­за алғаш Астанаға 2022 жылы сапарлап келген. Ал мен Брюссельде былтыр ма­мыр айында болдым. Бү­гін­­гі кездесу – төртінші то­лық­қанды басқосуымыз. Екі жақ­ты байланыстың дина­микасы Қазақстан мен Еуро­одақ арасындағы ынты­мақ­тастықтың жоғары дең­гейі­нің тағы бір көрсеткіші екенін толық сеніммен айта аламыз. Соңғы жылдары Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында өзара сенімге, құрметке және ортақ басымдықтарға негізделген берік қарым-қаты­нас дәйекті түрде дамып келеді. Жаңа ғана өт­кен келіссөзге келсек, оның нәти­желі әрі ашық, конс­труктивті сипатта өткеніне айрықша ризамыз.

Бүгінгі ең басты мақса­тымыз – Қазақстан мен Еуро­одақ арасындағы Кеңей­тілген әріптестік және ынты­мақтастық туралы келісімді одан әрі жүзеге асыру жолдарын қарастырып, өзара тиімді шешімдер табу, – деді Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу кездесуде.

Сондай-ақ министр қол жеткізген уағдаластықтар жан-жақты байланысымызды одан әрі тереңдетуге жаңа леп береріне сенімді екенін жеткізді.

Қазақстандық тараптың ойынша, жалпы біздің Еуро­одақпен саяси және сау­да-экономикалық, гумани­тарлық ықпалдастығымыз серпінді әрі сапалы өріс­теп келеді. Осы туралы ай­тып өткен министр саяси диа­­логтің тереңдей түсуі­не негізінен Мемлекет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың ұстанған ішкі және сыртқы саясаты, Еуроодақ бас­шы­лығымен жеке және ресми қарым-қатынасы үлкен әсер еткені сөзсіз екенін атап өтті.

– Осы ретте, Еуро­одақ бас­шылығына Прези­дентіміз­дің іргелі саяси, әлеуметтік және экономикалық реформаларын қолдағаны үшін шынайы ризашылық білдіреміз. Лидерлеріміздің екіжақты және көпжақты форматтағы интенсивті жұмыстарын жалғастырудың арқасында шығар белестер бүгінгіден де биік болады деген үміт зор, – деді еліміздің Сыртқы істер министрі.

Былтыр Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасындағы екіжақты сауда айналымы 41 млрд доллардан асқан.

– Еуропалық одақ – Қа­зақ­станның ең ірі сау­да және инвестициялық серік­тестерінің бірі. Биыл 5 айдың ішінде өзара сауда 20,2 млрд долларға жетті. Бұл көрсет­кіш еліміздің жалпы сауда айналымының 37%-ын құрайды. 2023 жылға келсек, алыс-берісіміз 41 млрд дол­лардан асып түсті. Был­тыр Еуроодақ елдерінен Қа­зақстан экономикасына 10,4 млрд доллар инвестиция тартылса, жалпы 2005 жылдан бері құйылған инвестиция көлемі 180 млрд доллардан асты, – деді М.Нұртілеу Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік сая­саты жөніндегі Жоғарғы өкілімен кездесуден кейін БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, бүгінде елімізде 3 мыңнан астам еуропалық компания экономиканың түрлі секто­рында белсенді жұмыс істеп жатыр. Олардың ішінде «Eni», «Total», «Amazonen-Werke», «Air Liquide», «Als­tom», «Carlsberg» сияқты аты әлемге танымал компаниялар бар.

– Жалпы, біздің дәстүрлі басымдықтарымыз энергетика, көлік пен логистика, ауыл шаруашылығы, машина жасау мен өндіріс, ақпараттық технологиялар болған. Бұл жолы біз CRM, яғни аса маңызды шикізат материалдары бо­йынша ын­тымақтастықты дамыту мәселесіне көңіл бөлдік. Еуро­одақ санкцияларының Қазақстан экономикасына теріс әсерін тигізбеуіне де ерекше назар аудардық. Осы ретте Қазақстан Үкіметі еуро­палық компаниялар мен іскерлік топтардың елі­міз­ге келуін құптайды. Бұған қоса, трансконтинен­талды теміржол, әуе және автомобильдік көлік дәліз­дерін дамыту маңызды, – деді ол.

Сондай-ақ М.Нұртілеу Еуропалық одақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын бірге дамытуға деген қызығу­шылығын растап отырғанын жеткізді.

Еуропалық одақтың Сырт­қы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі, Еурокомиссияның вице-президенті Жозеп Боррелльдің Астанаға ресми сапары барысындағы келіссөз аясында қазақстандықтар үшін Еуроодақ елдеріне ви­за­лық режімді жеңілдету мәселесі де талқыланды.

– Кездесудің маңызды бағыттарының бірі – Қазақ­стан азаматтары үшін Еуро­одақтың визалық режімін жеңілдету. Доктор Жозеп Боррелльмен осы түйін­ді ша­руаның оң шешімін жуық арада табу мақсатында күш-жігер жұмылдыруға уағ­да­ластық, – деді М.Нұртілеу.

Кездесу күн тәртібіндегі өзекті өңірлік және халық­аралық мәселелер де назар­дан тыс қалған жоқ. Нақ­ты­лай түссек, Орталық Азия­дағы сын-қатерлер, оның ішінде аймақтағы климаттың өзгеруі, Ауғанстан мен Таяу Шығыстағы жағдай талқыға салынды.

– Әріптесіммен бір­ге әлем­де орын алып жат­қан қақтығыстарды тек қа­на Бі­ріккен Ұлттар Ұйы­мы Жар­ғысындағы егемен­дік, тәуелсіздік және тер­ри­­тория­лық тұтастық қағи­датта­рына сай шешу қажет­тігін мәлімдедік, – деді еліміз­дің Сыртқы істер министрі.

Сөзінің соңында М.Нұр­тілеу бүгінгі келіссөздер Қа­зақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси диа­логтің, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өрісін кеңейтуге лайықты үлес қоса­ды деген үмітін жеткізді.

Ал журналистер алдында сөйлеген Еуроодақ өкілі Жозеп Боррель бұл өзінің Қазақстанға қадам басқан екінші сапары екенін айтып өтті.

– Еуропалық одақ өкілі ретіндегі мандатым үш айдан кейін аяқталатындықтан, Еуропалық одақтың жалпы Орталық Азиямен және әсіресе аймақтағы ең қуат­ты ел Қазақстанмен ынты­мақтастықты нығайтуға зор мүдделілігі мен бейілді­лігін растау үшін Астанаға келу – мен үшін өте маңызды қадам, – деді Ж.Боррель.

Оның айтуынша, бес жыл ішінде Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың қарқыны арта түскен.

– Еуропалық одақ Қазақ­станның БҰҰ Жарғысы мен ха­лықаралық тәртіп ереже­леріне адалдығын жоғары бағалайды және елдеріңізді жаһандағы қақтығыстарды тоқтатуға атсалысып, өз әлеуе­тін пайдалануға шақырады. Мен қызметке кіріскен кезде Еуропалық одақ пен Қазақ­стан арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім әлі толық күшіне енген жоқ еді. Енді міне, арада 5 жылға жуық уа­қыт өтсе де оны жүзеге асы­ру қарқынды жүріп жа­тыр, – деді Еуропа­лық одақ­тың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жө­ні­н­дегі Жоғарғы өкілі.

Ол бұл келісімнің екі жақ­тың бизнесі мен азаматтары үшін тиімді санайтынын айта кетті.

Қысқасы, бүгінде Еуропа­лық одақ – Қазақстанның барлық экспортының үштен бірінен астамын құрайтын Қазақстанның бірінші сауда серіктесі және Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвестор. Жозеп Боррельдің айтуынша, ЕО мен Қазақстан компаниялар экономикалық ынты­мақтастықтың жаңа мүм­кін­діктерін толық пайдалана ала­тындай бизнес-климатты жақсартуымыз қажет.