Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров каноэде 500 метрге ескек есуден жартылай финалдық кезеңге өте алмады. Енді олар ширек финалда қайта бақ сынап көреді, деп жазады Egemen.kz.
Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров іріктеу кезеңін 5 орынмен аяқтады. Уақыт көрсеткіші - 1:45.94 секунд.
Дәл осы қашықтықта сынға түскен Мария Бровкова мен Руфина Искакова жұбы да өз тобында 5-орын алды. Олардың уақыт көрсеткіші - 2:00.05 секунд. Бұл екі ескек есуші жұбы да ширек финалда қайта жарыс жолына шығады.