• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Тамыз, 2024

Париж Олимпиадасы: Қазақстан спортшыларының 10 тамыздағы жарыс кестесі

197 рет
көрсетілді

Париж Олимпиадасында бүгін, 10 тамыз күні еліміздің спортшылары еркін күрес, брейкинг, қазіргі бессайыс және велотректен бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

14:00–де еркін күрестен 97 келі салмақта Әлішер Ерғали ел намысын қорғайды. Ол бірінші белдесуінде мысырлық Мұстафа Әл-Елсайед Элдерспен күреседі.

Еркін күрестен жартылай финал 21:15–ке жоспарланған.

Ал 16:30–да қазіргі бессайыстан Елена Потапенко сынға түседі.

19:35–те брейк-данстан жарыс басталады. Онда Әмір Зәкіров ел намысын қорғайды.

Финал Астана уақытмен 00:29–ға жоспарланған

Ол D тобында сынға түседі. Отандасымыз Menno (Нидерланд), Billy (Марокко) және Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атымен танымал спортшылармен шеберлік байқасады.

20:19–да велотректен ел намысын Андрей Чугай қорғайды.

Айта кетсек, қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 34-орында тұр.