Жаңа оқу жылынан бастап елімізде 1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100 мың балаға артқан. Тегін ыстық тамақтанумен 1-4 сынып оқушылары, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қамтылады.