• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Тамыз, 2024

Өскемен қаласы маңынан әйелдің мәйіті табылды

131 рет
көрсетілді

Өскеменнің шет жақ аумағынан әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анықталғандай, жәбірленушінің денесінен түрлі дене жарақаттары табылған.

«Өскемендегі бау-бақша серіктестіктерінің бірінің шетінде көзге көрінетін дене жарақаттарымен шамамен 45-50 жас шамасындағы белгісіз әйелдің мәйіті табылды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Полиция оқиғаның егжей-тегжейін ашып, тергеу әлі жалғасып жатқанын алға тартты. Белгілі болғандай, мәйіт «Алтай бағбаны» бағбандық қоғамынан, автотұрақтың жанынан табылған.

«Кісі өлтірген күдікті әлі ұсталған жоқ»,  деп нақтылады облыстық полиция.