• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Тамыз, 2024

Таразда полицейлер көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды

100 рет
көрсетілді

Жамбыл облысының полицейлері көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараз полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның көпірден секірмек болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер әйелді бұл қадамнан тайдыру үшін бар күш-жігерін салды. Әйел секіруге дайын болған сын сағатта полицейлер оған тез жақындап, оны киімінен ұстамақ болды. Соған қарамастан әйел суға құлап кетті», деді полиция. Полиция лейтенанты Әлиайдар Рысмұхамбетов еш ойланбастан әйелді құтқару үшін  өзенге секірген. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкері мен жергілікті тұрғын әйелді жағаға шығарып үлгерген. Әйелдің мұндай әрекетке баруына отбасындағы жанжал себеп болған.   Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.