• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Таным 28 Тамыз, 2024

Сіз білесіз бе? Питер Пэн синдромы

64 рет
көрсетілді

Мүмкін есейгісі келмейтін, әлде өзі­не жауапкершілік жүктеуден қа­ша­тын, қанша есейгенмен «бала» болып қалатындарды Питер Пэн синдромына шалдыққандар дейді екен.

Мұндай мінез-құлықты психолог-ғалым Мария-Луиза фон Франц зерттеп, синдромға әдеби кейіпкерлерден «Питер Пэн» мен «Кішкентай ханзаданы» жатқызса, өмірде болған тұлғалардан әйгілі Моцартты мысал еткен еді. Синдром көбіне тым еркелеп өскен немесе ата-анасы балаға жеке шешім қабылдап, жауапкершілік алуы­на кедергі келтірген балаларда болады-мыс. Бұл әйелдерден гөрі ер адам­­­дарда жиі кездеседі екен. Әр адамның ішін­де еркелеп, ойнап жүре бергісі келетін бір кіш­кентай балақай бар десек те, Питер Пэн син­дромы қоғамның да, адамның да дамуы­на көп кедергі келтіретін көрінеді.

 

Париж синдромы

«Париж» дегенде көз алдыңызға ға­жа­йып қала елестері анық. Бұған «ақын­­дар провинцияда туып, Па­риж­де өледі» сөзінің де әсері бар шы­ғар. Алай­да сіз қиялдаған Париж шы­нымен солай ма?

Өйткені бұл синдром Парижге қы­ды­рып барған саяхатшылардың көңілін су сепкендей басқан оқиғалардан кейін туындапты. Әуелі ондағы тұрғындардың салқынқандылығы, қаланың кейбір лас жерлері Парижді жер бетінің жұмағындай аңсап барған адамдардың психологиялық көңіл күйі синдром ретінде атау алған. Мұның шығу тегі сәл жымиып, сыпайы жүретін жапондардың Францияға баруы­нан пайда болған деген дерек бар. 1986 жылы жапон психиатры Хироаки Отой үлкен қалаға жұмыс сапарымен барғанда, дәрігерден осы синдром анықталған екен. Содан шығар, біздің халық «арық сөйлеп, семіз шық» дейтіні...

 

Диоген синдромы

Өнер тарихынан білетініміздей, Дио­ген – қоғамнан, қоршаған ортадан тыс, үйден шықпай өмір сүрген адам. Яғни социопат немесе мизантроп.

Бұл синдром көбіне жастық шағында қоғамда тым белсенді болған қарттарда көп кездеседі. 1975 жылы Кларктың анықтамасымен ғылымға енсе де, сонау ерте ғасырлардан бері кездесетін бұл психологиялық аурудың тағы бір белгісі – ешкімге пайдасы жоқ, қоқысқа тасталатын маңызсыз дүниелерді жинай беру екен.