• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Қыркүйек, 2024

Ақтау тұрғыны Каспий теңізіне батып кеткен

103 рет
көрсетілді

2003 жылы туған жігіт Каспий теңізіне батып кеткен. Ақпаратты Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға 3 қыркүйек күні сағат 19:40-та болған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында: «Жас жігіттің денесі Каспий теңізі жағалауынан 100 метр, тереңдігі 2 метр жерден шығарылды. Құтқару жұмысына 9 құтқарушы, 2 техника, 1 жүзу құрылғысы, 1 дрон жұмылдырылды», делінген.

Марқұм жігіт шомылуға тыйым салынған тұстан түсіп, суға батып кеткені анықталды.