Алматы облысындағы Үлкен Ақсу ауылында сібір жарасына байланысты карантин енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
5 қыркүйекте Республикалық ветеринариялық зертхана екі бас ІҚМ сынамаларында сібір жарасының болуын растайтын бактериологиялық зерттеулердің нәтижелерін алғандығы туралы хабарлады.
Алматы облысының әкімдігінің мәліметінше, Үлкен Ақсу ауылында тірі мал мен мал өнімдерін әкелуге және экспорттауға тыйым салынған.
«Аумақтық ветеринариялық инспекция ЖАО ветеринариялық дәрігерлерімен бірлесіп жануарларды аулалық тексеру, вакцинациялау және жануарлар иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді», деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметі.
Елді мекенге дезинфекция жүргізу үшін АШМ-нің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды көшіріліп, қажетті мамандар мен арнайы техника штаты бар екендігі белгілі болды.
«Ол жерде Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Самат Төлегенов жүр.Қолданыстағы алгоритмге сәйкес барлық қажетті ветеринариялық-санитариялық шаралар өткізіледі және ауыл шаруашылығы министрлігінің ерекше бақылауында болады», деп нақтылады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.