ПЕТРОПАВЛ. 27 сәуір. Петропавлда Қазақстан Республикасы Президенті сайлауын қолдауға арналған автошеру өтті. Оны «4х4» автоклубының басшысы Александр Градволь автосүйер қауымның және үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Автошеруге Қазақстан Республикасы мемлекеттік туы және «Мәңгілік ел» туымен безендірілген 35 автокөлік қатысты. Жастар «Біз де Отанымыздың патриоты ретінде сайлауға өз үлесімізді қосқымыз келді», – деп ұрандатты. «Бипэк-авто» және «Вивага-Лада» компанияларының су жаңа көліктерінен, сондай-ақ, мотоциклистерден құралған тізбек «Солтүстік шұғыласы» саябағынан басталып, барлық көшелермен жүріп өтті. Сондай-ақ, Пестрое көлі жағалауындағы Тәуелсіздік алаңына да аялдады.
Қаланың өнерпаздар үйірмелері «Біз сайлауда дауыс бере отырып, белсенді азаматтық көзқарасымызды білдірдік» деген ұранмен көпшіліктің назарына шоу-бағдарлама ұсынды.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: egemen.kz.