• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2015

Мәсімов үкіметі мамыр айының басында отставкаға кетеді

216 рет
көрсетілді

АСТАНА. 27 сәуір. Мәсімов үкіметі мамыр айының басында отставкаға кетеді. Бұл туралы zakon.kz хабарлады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады. Конституция талаптарына сай Президент Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялардың фракцияларымен кеңескеннен кейін, Премьер-Министрдің кандидатурасын Мәжіліс қарауына ұсынады. Жаңа кандидатураны Мәжіліс мақұлдаса, Президент оны қызметке тағайындайды. Тағайындалған үкімет басшысы 10 күн мерзім ішінде Президентке жаңа Үкіметтің құрылымы мен құрамын ұсынуы тиіс. Еламан Қоңыр. Дерек: zakon.kz. Сурет: egemen.kz.