Астанада І.Жансүгіров көшесі бойынша Абылай хан даңғылынан Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, осыған байланысты қыркүйектің 9-ы сағат 20:00-ден 11 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.
Айта кетейік, бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралады.