• RUB:
    5.24
  • USD:
    477.45
  • EUR:
    527.1
Басты сайтқа өту
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Бүгін, 12:07

Алғаш рет ғарышқа «Тоғызқұмалақ» тақтасы ұшырылды

36 рет
көрсетілді

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында тоғызқұмалақ тақтасы ғарышқа ұшырылды. Ғажайып оқиға жанкүйерлерге ерекше әсер қалдырып, ұлттық ойынымызға әлем назарын аударды, деп жазады Egemen.kz. 

Qazsporttv-дің хабарлауынша Ресей ғарыш агенттігімен арадағы келісім негізінде тоғызқұмалақ  тақтасы алғаш рет стратосфера қабатына шығып, 35 мың шақырым биіктікке көтеріліп, қайтадан жерге жеткізілді.  Тоғызқұмалақ – ғарышқа сапарлаған жалғыз үстел ойыны.

Еске салайық, көшпелілер ойындарында тоғызқұмалақтан алғашқы матчтар 9 қыркүйек күні сағат 09:09-да басталып, қатысушылардың бірінші жүрісі 9 ойыншыдан тұратын 9 үстелдік тақтада, 9-шы ұядан басталып, есептеу жылдамдығымен сайысқа түскен.