Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әбу-Дабидің Мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштері Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Әбу-Дабидің Мұрагер ханзадасы Елбасын президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады және Қазақстанды ілгерілету мен өркендетуге бағытталған ауқымды реформалардың табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірді.
Әңгіме барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту шараларын талқылады.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі жайттар жөнінде пікір алмасты.