Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Виктор Орбан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады және Қазақстан халқының алдында тұрған ауқымды реформаларды табысты жүзеге асыруға тілектестік білдірді.
Сондай-ақ, Венгрия Премьер-министрінің Қазақстанға сәуірде жасаған сапарының қорытындыларын ескере отырып, екіжақты қарым-қатынастардың келешегі талқыланды.
Телефон арқылы сөйлесуге Венгрия жағы бастамашылық етті.