Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Президенті Томислав Николичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Телефон арқылы сөйлесу барысында Томислав Николич Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.
Қазақстан Президенті Сербияның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы Украинадағы дағдарысты реттеуге және Ұйымға мүше елдердің сындарлы үнқатысуын дамытуға қызмет етеді деп үміттенетінін жеткізді.
Мемлекет басшылары Қазақстан мен Сербияның достық қарым-қатынастарын одан әрі нығайту бағытындағы бірлескен жұмысқа дайын екендіктерін айтты.
Телефон арқылы сөйлесуге Сербия жағы бастамашы болды.