• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Қыркүйек, 2024

Ресейден Қазақстанға 8 вагон бидай кіргізбек болғандардың жолы кесілді

284 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылдың 11-12 қыркүйегінде Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан Батыс Қазақстан облысының Темір жол фитосанитариялық бақылау бекетінде 8 вагон бидай табылып, Ресей Федерациясына қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

526 тонна астық Саратов және Тула облыстарынан Шымкент қаласына жеткізілген.

Бұл жұмысты өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар ҚР ҰҚК ШҚД "Жайық" шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметшілерімен бірлесіп жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі нарықты қорғау және Астықты кері экспорттау фактілерін болдырмау үшін 2024 жылғы 26 шілдеде сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында транзитті қоспағанда, үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен Қазақстан аумағына көліктің барлық түрлерімен бидайды әкелуге тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылданды