• RUB:
    5.27
  • USD:
    480.63
  • EUR:
    535.13
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қыркүйек, 2024

Актөбе облысында ауыл тұрғыны ұйықтап қалған досының телефонынан несие рәсімдеген

102 рет
көрсетілді

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, Темір ауданының тұрғыны телефоны арқылы белгісіз біреулердің оның атынан несие рәсімдегені туралы полицияға шағымданды.

Полицейлердің анықтауынша, автокөлік салонында ішімдік ішіп отырған кезде жәбірленуші ұйықтап қалған.

Осы сәтті пайдаланған танысы телефондағы банк қосымшасы арқылы 400 мың теңге несие рәсімдеп, өз шотына аударған.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті кінәсін мойындады.

Соңғы жаңалықтар