• RUB:
    5.27
  • USD:
    479.38
  • EUR:
    531.63
Басты сайтқа өту
Денсаулық Бүгін, 14:08

Екібастұзда белгісіз вирусқа байланысты карантин енгізілді

39 рет
көрсетілді

Павлодар облысындағы Екібастұз қаласында қызанаққа әсер ететін қауіпті вирустың табылуына байланысты карантин енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімінің қаулысымен «Greenhouse-Qaztomat» ЖШС жылыжай кешенінің аумағында қызанақтың қоңыр түсті қатпарлы вирусы (Tomato brown rugose fruit virus) тіркелді.

Осыған байланысты бұл аумақта карантиндік аймақ белгіленіп, ерекше режим енгізу туралы шешім қабылданды.

Қаулы заңды күшіне енді.