• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2015

Алтынкөл – Қорғас өткелі Қазақстанның рейтингін көтерді

492 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы жаңа Алтынкөл – Қорғас теміржол өткелінің ашылуы Қазақстанның «DoingBusiness» Әлемдік банкі («Бизнесті жүргізудің жеңілдігі») рейтингіндегі 2015 жылғы жағдайына оң әсер етті. Бұл жөнінде Алматыда өткен Еуразия бизнес-форумында ӘБ «DoingBusiness» тобының («Бизнесті жүргізу-2015»)  баяндамашысы Ирина Белоцерковская хабарлады. – «Бизнесті жүргізу-2015» баяндамасында біз 2013 жылдың маусымы мен 2014 жылдың маусымы ішінде 20 футтық контейнерлердің Қытай – Алматы аралығындағы транзиттік уақытын қысқартқан «халықаралық сауда» көрсеткішіндегі реформаны атап өттік. Бұған жаңа Қорғас өткізу нүктесінің ашылуы арқасында қол жетіп отыр. Қазақстан «халықаралық сауда» көрсеткішінде 186-орыннан 185-орынға көтерілді, – деді ол есеп беру барысында. Әлемдік банктің өкілі «халықаралық сауда» көрсеткішін анықтағанда сарапшылар экспорт пен импорт үдерісіне әсер ететін  әртүрлі құрамды бөліктерді, оның ішінде құжаттарды дайындауды, кедендік ресімдеуді, тасымалдауды және порттағы операцияларды  (жүк теңізбен де тасымалдануы мүмкін) назарға алады деді. – Қазақстан жағдайында Алматыдан Қытайдың Ляньюньгань,Чиндао порттарына дейінгі маршрут қарастырылды.  Орталық Азия бойынша сұралған респонденттер жаңа Алтынкөл – Қорғас теміржол өткелінің ашылуын оң бағалап, осыған байланысты экспорт пен импорттың өскенін атап өтті. Бұл өткел контейнерлерді өзіне тарту арқылы Достық – Алашаңқай маршрутын жеңілдетіп қана қоймай жүк тасымалдау уақытын да қысқартып отыр. Нақтырақ айтқанда экспорт бойынша да, импорт бойын­ша да тасымалдау уақыты екі күнге азайды, – деді Белоцерковская. Қорғасты Әлемдік Банк тобы халықаралық транзит үшін Орталық Азиядағы  маңызды жоба деп есептейді. «Егемен-ақпарат».  
Соңғы жаңалықтар