«Жигули» көлігінде екі ірі қараны тасыған Семей тұрғыны әлеуметтік желі қолданушыларының сынына қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Instagram желісінде тараған видеода «Жигули» көлігінде қос сиырдың «жайғасқанын» көруге болады.
Облыстық Полиция департаменті 35 жастағы ВАЗ-21060 көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.
Хабарламада: «Осы баптың санкциясымен 5 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген», делінген.