Оқиға 19 Қыркүйек, 2024

«Жас әйел онымен бірге тұрған»: Алматыда мосқал азаматты пышақтап өлтірген

150 рет
көрсетілді

Болған оқиға туралы ақпаратты полиция растаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

23 жастағы әйел пәтерде өзімен бірге тұратын 58-дегі ер адаммен жанжалдасып, оны пышақтап өлтірген.

Алматы полиция баспасөз қызметінің мәліметінше адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, мән-жайлар анықталып жатыр.