• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Қыркүйек, 2024

СҚО-да квадроцикл аударылып, 4 жасар бүлдіршін қайтыс болды

83 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстанда ер адам мен 4 жасар бала отырған квадроцикл аударылып, салдарынан бүлдіршін қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында 56 жастағы ер адам өз үйінің ауласында POLARIS квадроциклін жүргізіп келе жатып, рульді басқара алмай, көлікті аударып алған. Оқиға салдарынан орталық аудандық ауруханаға жеткізілген 4 жасар бала алған жарақаттарынан қайтыс болған. Ер адам да ауруханаға жатқызылған.

Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталғаны хабарланды.