• RUB:
    5.17
  • USD:
    478.54
  • EUR:
    533.76
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Қыркүйек, 2024

Алматыда жеті көлік соқтығысып қалды

113 рет
көрсетілді

Алматыда ірі жол апаты болып, бірден жеті көлік соқтығысып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі 19 қыркүйек күні сағат 19:50-де Сайын мен Жұбанова көшелерінің қиылысындағы тоннельде ірі жол апаты болғанын хабарлады.

Апат салдарынан Toyota Camry көлігінің бір жолаушысы зардап шеккен. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылған.

Әуезов ауданының полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтауға кіріскен.

Соңғы жаңалықтар