Ақмола облысында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Хабарланғандай, 2024 жылғы 18 қыркүйекте Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Целиноград ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтықтың 47 эпизодын жасап, іздеуде жүрген «А» азаматын қолға түсірген.
«2024 жылдың қаңтар айынан бастап күдікті Астана қаласы мен Ақмола облысының тұрғындарын алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен 90 млн теңгені иемденген», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында отыр. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, оған 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін.