• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2015

Ақ тілектер ағыны

582 рет
көрсетілді

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Ғылыми қауымдастық Сізді Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы сенімді жеңісіңізбен құттықтайды. Тәуелсіздік жылдарында Сіздің кемеңгер, тиімді және көреген саясатыңыздың арқасында Қазақстанда шын мәнінде орасан зор өзгерістер орын алды. Елдің экономикасы айтарлықтай өсті, халық тұрмысының деңгейі бірнеше есе артты. Сіздің бастамаларыңызды жүзеге асырудың нәтижесінде Қазақстан ғылымы дамуға жаңа серпін алды. Соңғы жылдары академиялық ғылым мен ғылыми талдамаларды қаржыландыру бірнеше есе артты, ғылымның өндіріспен байланысы нығаюда. Қабылданған шаралардың арқасында отандық ғылымның инновациялық салаға үлесі өсіп келеді. Елдің ғылыми топтары Сіздің сайлаудағы жеңісіңізді көтеріңкі көңіл-күймен қабылдады және Отанымыздың игілігі үшін екі еселенген қуатпен еңбек етуге дайын. Біз Сіздің сенімді көшбасшылығыңызбен білім беру мен ғылымның буырқана дамуының жалғасатынына, азаматтардың өмір деңгейін арттыру және Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу жөнінде алға қойылған барлық стратегиялық мақсаттарға қол жеткізілетініне сенімдіміз. Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясы.   Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізді еліміздің барша шығармашылық зиялы қауым өкілдері атынан кезектен тыс Президент сайлауында қол жеткізген айқын жеңісіңізбен құттықтаймыз. Бұл жеңісіңіз – сындарлы сәтте Сіздің сарабдал саясатыңыздың арқасында татулығы мен тұрақтылығын сақтап, ырысын еселей түскен біртұтас Қазақстанның жеңісі. Сізге дауыс бере отырып, егемен елдің еңселі жұрты әр күні айға, әр аптасы жылға татитын жетіс­тіктерге қол жеткізді. Бейбітшілік пен келісімге негіз­делген мемлекеттігіміздің берік іргетасы қаланды. Қарқынды өскен экономикамызбен әлемнің ең дамыған 50 елінің көшіне қосылып, озық отыздыққа енуді мақсатқа алдық. Халқымыздың тұрмысы жақсарып, әл-ауқаты артты. Осының бәрі тікелей Сіздің арқаңыз. Ендігі кезекте әлемді жайлаған күрделі жағдайда мемлекетімізді бұдан биік белестерге бастап, Мәңгілік Елге айналдыру – тек кемеңгер басшының қолынан келетін іс. Осынау ұлы мұратқа жетуде халқымыз тек Өзіңізге ғана сенім артып отыр. Қазақстандықтардың кешегі сайлауда жасаған таңдауы – соның айқын дәлелі. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ шығармашылық орта мен жасампаздық рухты қалыптастыруға ұдайы қамқорлық танытып келесіз. Жазушылар қауымы да жарқын болашаққа бастар жолда әрдайым өзіңізбен бірге! Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы.   Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдары ассоциациясының кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісіңізбен шын жүректен құттықтауын қабыл алыңыз. Сіздің сенімді жеңісіңіз бүкілхалықтық қолдаудың және қазақстандықтардың Сізбен бірге Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына қосылу жөніндегі барлық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға деген дайындығының айқын дәлелі болып табылады. Сіздің бірізді және салиқалы саясатыңыздың арқасында Қазақстан экономиканың дамуындағы барлық шешуші бағыттар бо­йынша айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Сіздің басшылығыңызбен біздің қоғамымыз өзі­нің экономикалық әлеуетін нығайту бойынша батыл жоспарларды өмірге табысты енгізуде. Қазақстанның барлық табыстары мен жетіс­тіктерін, қоғамдағы татулық пен бақуаттылықты, әлемге танымалдылықты – осының барлығын қазақстандықтар тек Сізбен байланыстырады. 26 сәуірде Қазақстанның миллиондаған азаматтары бүкілхалықтық тұрғыда қоғамдық келісімді, болашаққа деген сенім мен бүкіл ұрпақтардың игілігі үшін табысты дамуды таңдады. «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдары ассоциациясы.   Аса қадірлі Елбасы! Сіздің бастауыңызбен қазақстандықтар жаңа бір белесті еңсеріп, «Мәңгілік Ел» болу жолында Сізбен бірге нық қадам жасады. Сайлауда қазақстандықтар Сізге өз дауыстарын бере отырып, тұрақтылықты, бірлікті және жасампаздықты қалайтындықтарын тағы бір мәрте дәлелдеді. Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз шеттегі қандастарымызды әрдайым жіті назарыңызда ұстап, оларға мейіріммен көңіл бөліп келесіз. Кешелі бері бізге мыңдаған қандастарымыз хабарласып, өздерінің қуаныштарын білдіріп, құттықтауларын жеткізуде. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының атынан құттықтауымызды қабыл алыңыз. Әлемдегі барлық бес миллионнан астам қазақ үшін маңызы бар бұл ұйым Сіздің бастамаңызбен құрылған болатын. Бүгінде ол тағдырдың тәлкегімен тарихи Отанынан тысқары өмір сүріп жатқан қандастарымыздың ұйытқысына айналды. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері мыңдаған қазақ өзінің тарихи Отанына оралып, өз елі үшін аянбай еңбек етуде. Сіздің еліңізге сіңірген еңбегіңізді халқыңыз айрықша бағалайды. Мұның дәлелі – Сіздің сайлаудағы сенімді жеңісіңіз! Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің барлық бастамаларыңызды қазақстандықтар мен шеттегі қандастарыңыз бір кісідей қолдайды. Біз біргеміз – берік іргеміз! Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.   Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстан Республикасының Президенті сай­лау­ындағы сенімді жеңісіңізбен шын жүректен шы­на­йы құттықтауымызды білдіреміз. Өткен сайлаудың нәтижелері халықтың жоғары сенімінің және Сіздің басшылығыңызбен экономиканы жаңғырту және әлеуметтік жаңғырулар бағытын жалғауға деген ұмтылысының айғағы болып табылады. Жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстанда жаңа индустриялық нысандар салынып, қосымша жұмыс орындары ашылуда. Кәсіпорындар ұжымдары өндірістік үдерістерді тұрақтандыру бойынша бекітілген меморандумдар шеңберінде өздерінің қорғалғандығын сезіну үстінде. Биыл Сіз алға қойған «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру басталды, оның шеңберінде кең ауқымды инфрақұрылымдық нысандар құрылысы белгіленген. Сіздің қамқорлығыңыз бен назарыңыздың арқасында халықтың әлеуметтік әлсіз топтары өздерінің қорғалғандығын сезінуде. Сіздің бастамаларыңыздың шеңберінде жұмыс берушілер әлеуметтік жауапкершілікті мемлекетпен бөлісуге дайын. Біз Сіздің сенімді басшылығыңызбен ел дамуының жаңа кезеңінде әлеуметтік-экономикалық саладағы бұдан да зор жетістіктерге жете беретініне сенімдіміз. Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы.   Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біздер, 8 мыңнан астам жас қазақстандықтарды біріктіретін «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы Сізді Қазақстан Президенті сайлауындағы сенімді жеңісіңізбен құттықтаймыз. Сайлау нәтижелері – қазақстандықтардың өз болаша­ғын, өз балаларының болашағын Сізбен – Елбасымен байланыстыратындығының айқын дәлелі. Бүгінде елдің миллиондаған азаматтары Сіз «Қазақ­стан-2050» Стратегиясында алға қойған мемлекетті дамытудың кең ауқымды мақсаттарына бірікті. Осынау шынымен де тарихи құжаттың әрбір пункті біздің әрқайсымыз үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің арқаңызда бүгінде біз ие болып отырған нәтижелерді бүкіләлемдік қоғамдастық мойындайды. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан қуатты және табысты мемлекетке айналды. Біз әлемнің ең бір ырғақты дамушы мемлекеттерінің қатарына енудеміз. Бізде бірліктің, толеранттылықтың, этносаралық және конфессияаралық келісімнің тұрақты моделі қалыптасты. Қазақстан – халықаралық беделге ие жауапты да сенімді әріптес. Сондықтан да біздің еліміздің басында, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, тек Сіз ғана тұра аласыз.  «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы.   Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстанның ардагерлер ұйымы Сізді Қазақстан Президенті сайлауындағы тамаша жеңісіңізбен құттықтайды. Біз Сіздің Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тұрақты назар аударып, көмек көрсететініңізді үлкен ризашылықпен атап көрсетеміз. Біз бейбітшілік пен тыныштықтың, қоғамдық тұрақтылық пен келісімнің бағасын білеміз. Сіздің арқаңызда біздің балаларымыз бен немерелеріміз қуатты, өркендеуші мемлекетте өмір сүруде. Бүгінде Қазақстан – жаһандық үнқатысу орталығы. Сіздің бейбітшіліксүйгіш бастама­ларыңызды бүкіл әлемдік қоғамдастық мойындады. Сіз үшін мызғымас болып табылатын бас­ты құндылықтар – ішкі саяси тұрақтылық және ұлттық бірлік – олар біздің қазіргі және болашақ табыс­тарымыздың негізі. Біз Сіздің басшылығыңызбен біздің еліміздің бұдан әрі де шапшаң дами беретініне және қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізетініне сенімдіміз. Сіздің жеңісіңіз – біздің бәріміз үшін мереке, жаңа ұмтылыстарға қанаттандыратын және бақуатты болашаққа деген үлкен үміт ұялататын мереке. Қазақстанның ардагерлер ұйымы.   Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біздің Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жарқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз. Тәуелсіздік жылдары ішінде Сіздің қамқорлығыңыз бен назарыңыздың арқасында медиасала серпінді дамуға ие болды және жоғары кәсіби әрі технологиялық деңгейге жетті. Қазақстанда БАҚ-тың барлық түрлері табысты дамуда, олар бізде 2,2 мыңнан асады. Бүгінде цифрлы  теледидар әр үйде бар. «Болашақ» президенттік стипендиясы шеңберінде БАҚ-тың жас кадрлары әлемдік медиакорпорациялар базаларында біліктілігін арттыру мүмкіндігіне ие. Сіздің бастамаңызбен Астанада еліміздің басты медиа алаңы – «Қазмедиаорталығы» тұрғызылды. Бұл ең заманауи жабдықпен жарақтандырылған медиа өнімдер өндіру үшін орасан зор айрықша кешен. Сіздің сенімді жеңісіңіз қазақстандықтардың өзіміздің тек Сізбен бірге ғана экономиканың барлық салаларында және әлеуметтік дамуда тамаша жетістіктерге жететіндігімізге, неғұрлым дамыған мемлекеттер қатарына қосылатынымызға деген сенімнің айғағы болып табылады. Қазақстан Журналистер одағы.   Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстанның Композиторлар одағы Сізді кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы тамаша жеңісіңізбен құттықтайды. Сайлау күні біздің миллиондаған халқымыз асқақ көңіл-күймен Сіз үшін өз дауыстарын берді, өйткені тек Сіз ғана біз үшін табыс пен прогрессшіл дамудың кепілі болып табыласыз. Сіздің тұрақты қамқорлығыңыздың арқасында біздің мультимәдени қоғам табысты дамуда. Біздің шығармашылық Қазақстанның барлық салалардағы көптеген табыстарынан өзіне шабыт алуда. Сіз біздің еліміздің барлық табысының қазақстандық қоғамдағы бірліктің, татулық пен келісімнің арқасында ғана мүмкін екенін әркезде де атап көрсетесіз. Сіздің бейбітшіліксүйгіш сыртқы саясатыңыз Қазақстан мен өзге мемлекеттер арасында сенімді мәдениетаралық байланыстар орнатты. Сіздің бастамаңыз бойынша Орталық Азияның дәл жүрегінде өнер храмы, Астананың інжу-маржаны – «Астана Опера» опера және балет театры өз есігін айқара ашты. Композиторлардың таңдауы мен олардың Сіз үшін берген дауыстары –  бейбітшілік пен біздің Отанымыздың одан әрі өркендеуін таңдаған миллиондаған қазақстандықтар дауысының бір бөлігі. Қазақстан Композиторлар одағы.   Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Суретшілер одағы Сізді Қазақстан Республи­касының Президенті сайлауындағы тамаша да сенімді жеңісіңізбен құттықтайды. Сіздің кемеңгерлігіңіздің және жалпыадамзаттық идеалдарға адалдығыңыздың арқасында Қазақстан ширек ғасырға жуық уақыттан бері прогресс пен табысты жаңғыртулар жолымен сенімді қадам басып келеді. Сайлаудағы Сіздің жеңісіңіз – өзінің лайықты болашағының пайдасына таңдау жасаған Қазақстан халқы сенімінің айғағы. Біздер, шығармашылық адамдары ретінде, Сіздің қазақстандық мәдениетті дамыту мәселелеріне тұрақты назар аударатыныңызды жоғары бағалаймыз. Аталған саланы мемлекеттік қаржыландыру айтарлықтай ұлғайды, өнер саласындағы мамандарды даярлау үшін оқу орындары ашылуда. Бүгінде елдің өнер қайраткерлері алдына Сіз өске­лең ұрпақтың бойында патриоттық рух тәр­­­бие­леуге үлес қосу жөнінде үлкен де жауапты міндет қойдыңыз. Біз Сіздің басшылығыңызбен осынау жоғары мақсаттарға қол жеткізілетініне, ал Қазақстанның ырғақты даму жолын жалғастыратынына сенімдіміз. Қазақстан Суретшілер одағы.   Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстанның Азаматтық альянсы Қазақстан Президенті сайлауының нәтижелерін үлкен көтеріңкі көңіл-күймен қабылдады. Біздер, Қазақстанның сан миллиондаған азаматтық қоғамының өкілдері ретінде Сіздің ғаламат жеңісіңіз – ол қазақстандықтардың Сіз жүргізіп отырған көреген саясатыңызды жаппай қолдаудың айғағы екенін атап көрсетеміз. Бүкіл тәуелсіздік жылдары ішінде Сіздің басшылығыңызбен Қазақстанның жүріп келе жатқан жолы – ол қуатты өркендеген мемлекет құру жолы. Бүгінде біздің еліміз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіреді. Ширек ғасырда Қазақстан экономикасы – 16 есе, халықтың табысы 6 есе өсті. Сіздің арқаңызда жаңғырту міндеттері бірізділікпен және айқын жүзеге асырылуда. Бүгінде біздің еліміздің алдында асқақ міндеттер – әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену міндеті тұр. Оған құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің басшылығыңызбен ғана қол жеткізуге болады. Қазақстанның Азаматтық альянсы.   Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстанның бүкіл әйелдер ұйымдары атынан Сізді кезектен тыс Қазақстан Республикасының Пре­зиденті сайлауындағы жарқын жеңісіңізбен құттықтаймыз. Бүкіл Қазақстан өзінің еңбегімен және қатысуымен Сізбен бірге Отанымыздың табысты жолын жалғастыруға дайын екенін білдірді. Қазақстандықтар көтеріңкі көңіл-күймен Сіз біздер үшін қамтамасыз еткен ашық аспанды, үйдегі молшылық пен өз балаларының болашағына деген сенімділікті таңдады. Азаматтық бастамалар мен үкіметтік емес секторға Сіз бөліп отырған орасан зор назар біздің Қазақстанның дамуының ортақ ісіне өз үлесімізді қосуымызға мүмкіндік туғызды. Сіздің гендерлік мәселелерді шешудегі кемеңгер саясатыңыз нәзік жандылар өкілдерін мемлекеттік басқару органдарындағы озық позицияларға шығарды. Бүгінде Қазақстанның әйелдері экономиканың, ғылымның, білім беру мен мәде­­­ниеттің барлық салаларында Сіздің саяси бағытыңызды жүзеге асыруға атсалысуда. Сізбен бірге, Сіздің басшылығыңызбен біз жаңа жалпымемлекеттік әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешуге өзіміздің қолдан келген үлесімізді қосуға дайынбыз. Республикалық Әйелдер кеңесі.   Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізді Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы сенімді жеңісіңізбен құттықтауға рұқсат етіңіз. Қазақстан халқы Сізге өз дауыстарын бере отырып, елде жүргізіліп жатқан бағытқа тікелей қолдауын білдірді. Сіздің саясатыңыздың арқасында еліміз жасампаз жолмен алға басуда. Қазақстандық қоғамда әр азамат үшін үлкен және бірдей мүмкіндіктер жүйесі қалыптастырылған. Қазақстандық бизнес Сіздің қуатты қолдауыңызды сезінеді. Сіз әркезде де отандық кәсіпкерлерге қолдау жасайсыз. Шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне тұрақты мемлекеттік көңіл бөлу өз жемісін берді. Бизнес-сала 2,6 миллион қазақстандықтарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпкерлер Сіздің жүргізіп отырған реформаларыңызды бүтіндей және толықтай қолдайды, соның арқасында біздің еліміз үлкен табыстарға қол жеткізді. Қазақстанда ТМД елдері кеңістігінде ең қолайлы инвестициялық ахуал құрылды. Мемлекет бизнес жүргізу үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз етті. Арнаулы индустриялық аймақтар салынып, субсидиялар бөлінуде, өндірістің жаңа салалары дамуда. Мыңдаған жұмыс орындары құрылды. Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізге дауыс бере отырып, біз Сіздің кемеңгер Көшбасшылығыңызбен жарқын болашақты таңдадық. Қазақстан Кәсіпкерлерінің форумы.   Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біздер, Қазақстан жастары Сізді кезектен тыс сайлаудағы сенімді жеңі­­­сіңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздің кемеңгерлігіңіз бен көреген­дігіңіздің арқасында тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан дамудың жоғары деңгейіне жетті. Біз бай және өзін-өзі қамтамасыз ететін елміз. Сіз қабылдаған барлық мемлекеттік бағдарламаларда әркезде де жастарға жеке көңіл бөлінеді. Ол еңбекке орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз  ету, білім беру және басқаларды алғанда барлық салаларға да қатысты. Қазақстанда жас қазақстандықтардың әлеуетін арттыруға бағытталған Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Біз үшін татулық пен келісімде өмір сүріп, еңбек етіп жатқанымыз өте маңызды. Біздің еліміз халықаралық деңгейде достық қарым-қатынастар ұстанады. Біз Сіздің басшылығыңызбен біздің еліміздің орталықазиялық өңірде көш бастаушы позициясын иеленетінін мақтан тұтамыз. Әлемнің жетекші державаларының көшбасшылары Сіздің пікіріңізге құлақ түреді. Сіз біз үшін өзінің батыл жоспарларын біздің Отанымыздың игілігі мен өркен­деуі үшін сенімді түрде өмірге енгізетін нағыз Елбасының үлгісі болып табыласыз. 26 сәуірде біз Сізге өз дауысымызды бердік, өйткені, тек Сізбен ғана Қазақстан өз болашағында қуатты және сенімді мемлекет бола алады. Қазақстанның Жастар конгресі.   Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біздер, халықаралық «Болашақ» стипендиясының стипендиаттары Сізді кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы сенімді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Біз Сіздің табысыңыз бен бүкіл халықтың мойындауын – ол Сіз біз үшін қамтамасыз еткен біздің қоғамымыздағы бақуаттылық, татулық пен келісім үшін қазақстандықтардың алғысы деп есептейміз. Сіз бізге білім алуға және әлемнің ең үздік жооларында заманауи ғылымның түрлі салалары бойынша білімдерімізді тереңдетуге мүмкіндік бердіңіз. Шетелдерде оқи жүріп біз өзіміздің Қазақстаннан екенімізді мақтанышпен айтамыз. Сіздің есіміңізді естіген кездегі кез келген шетелдіктің жүзіндегі ізгілік нышаны одан бетер мақтаныш туғызады. Бүгінде біздер Сіздің жоғары сеніміңіз бен қолдауыңызды ақтай отырып, өз Отанымыздың игілігі үшін еңбек етудеміз. Біз үздік және табысты болуға тырысамыз. Сіздің арқаңызда бізді ата-аналарымыз бен достарымыз мақтаныш тұтады. 26 сәуірде біздің дауысымыз Сізді, Сіздің реформалар мен прогрестің бірден-бір дұрыс бағытын таңдаған миллиондаған қазақстандықтар дауысының бір бөлігіне айналды. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары.   Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біздер, 200-ден астам салалық, өңірлік және республикалық бизнес-ассоциацияларды біріктіретін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері Сізді кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы сенімді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздің бүгінгі салтанатыңыз – Қазақстанның табысы мен бірлігін қамтамасыз етіп отырған Сіздің прогресшіл идеяларыңыздың, Сіздің кемеңгер саясатыңыздың жеңісі. Сіз экономиканың барлық салаларындағы ырғақты өсімді және Қазақстандағы қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз еттіңіз. Сіздің салиқалы саясатыңыздың арқасында Қа­зақстанда тартымды инвестициялық ахуал құрылды. Сіз Қазақстан бизнесмендерінің шетелдік әріп­тес­терімен өзара байланысы және біздің тауар­­­­лары­мыздың халықаралық рынокқа шығуы үшін қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар жасадыңыз. Кезектен тыс Қазақстан Республикасының Пре­зиденті сайлауында Қазақстанның бизнес-қауымдастығы елдің бүкіл халқымен бірге өз болашағын Сізбен бірге таңдады. Біз одан арғы сенімді экономикалық өсімді, әл-ауқатты, қазақстандық қоғамның татулығы мен өркендеуін таңдадық. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.    Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біздер Қазақстанның жоғары оқу орындарының басшылары мен ғылыми-педагогикалық құрамы Сізді кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы сенімді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Қазақстандықтар 26 сәуірде Сізге дауыс бере отырып, прогресс пен табысты даму жолын таңдады. Нағыз Елбасы ретінде Сіз әркезде де Қазақстан дамуының барлық бағыттары бойынша ең бір дұрыс шешімдерді таңдайсыз және бірден-бір дұрыс шаралар қабылдайсыз. Сіздің жеке назар аударуыңыздың арқасында Қазақ­­станда ғылым мен инновацияларды дамыту үшін жағдайлар жасалды, жаңа буын университеттер құрылды және жұмыс істеп тұрған жоолардағы ғылыми-педагогикалық жұмыстар озық әлемдік тәжірибелерге сәйкес түбегейлі түрде қайта пішінделді. Сіздің табысты сыртқы саясатыңыздың арқасында орнаған мәдениетаралық байланыстардың нәтижесінде әлемнің үздік жооларымен халықаралық ықпалдастық жолға қойылды. Сіз білім беру саласы мен ғылымның дамуы үшін барлық жағдайлар жасадыңыз. Бүгінде қазақстандықтардың неғұрлым сауатты қоғам ретінде әлемдік рейтингте жетекші позицияларға ие болуы соның нәтижесі. 26 сәуірде өткен сайлаудың қорытындысы қазақстандықтардың Сізбен бірлігін, Сіздің бағытыңызды бүкілхалықтық қолдауды толық дәрежеде бейнеледі. Қазақстан жоғары оқу орындарының ассоциациясы.   Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы! «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ бас­­қармасы мен ұжымы атынан Сізді Қазақстан Респуб­ликасының Президенті лауазымына мерзімінен бұрын өткізілген сайлаудағы жеңісіңізбен құттықтауға рұқсат етіңіз. Сайлаудағы айрықша жеңісіңіз Қазақстанның көпұлтты халқының Сізге деген шексіз құрметі мен зор сенімін айшықты көрсетіп берді. Қоғамдық тұрақ­тылық, экономикалық жетістіктер, халықтың әл-ауқа­тын жақсарту және де Қазақстан Республикасының халық­аралық жоғары беделі Сіздің есіміңізбен тығыз бай­ланысты. Сондай-ақ, комбинаттың жетістіктері мен жемісі Сіздің тұрақты қамқорлығыңыз бен қолдауыңыздың арқасында мүмкін болды. Біз, патриоттық сезімге, азаматтық борышқа, жалпы ұлттық ынтымақтастыққа және еліміздегі тыныштық пен бейбітшілікті сақтаудағы жауапкершілікке сүйене отырып, өз таңдауымызды жасадық. «ӨТМК» АҚ ұжымы келешекте, өзінің күнделікті еңбегімен, Сіздің барлық тапсырмаларыңызды орындауға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының өркендеуі үшін қолдан келгенше қызмет етуге дайын. Сізге зор денсаулық, Қазақстан Республикасының дамуы игілігіндегі қажырлы еңбегіңізге сәттілік тілейміз! «ӨТМК» АҚ еңбек ұжымы.   Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізді «Бас редакторлар клубы» мен БАҚ өкілдері атынан кезектен тыс Президент сайлауындағы сенімді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз мемлекет тізгінін қолға алған уақыттан бері елде қоғамдық тұрақтылық орнап, экономиканың өсу қарқыны жыл сайын еселеніп келеді. Сіздің ел іргесіндегі ғана емес, жаһандық дәрежедегі батыл бастамаларыңыз жан-жақты қолдау тауып, соның арқасында Қазақстан әлемнің алпауыттары санасатын саяси беделі зор мемлекетке айналды. Қазақстандықтардың ел басқару міндетін кезекті рет өзіңізге сеніп тапсыруы бекер емес. Сіздің сайлаудағы айқын жеңісіңіз – Қазақстанды өркениетті елдер қатарына қосып, қуатты мемлекет құру жолындағы теңдессіз еңбегіңізге халықтың берген биік бағасы. Сіздей Елбасы тұғырын бекіткен мемлекет міндетті түрде Мәңгілік Ел болары хақ. Мемлекетімізді күллі әлемге танытып, беделін асырған, тарихын түгендеп, тілі мен ділін жаңғыртқан біртуар тұлға – өзіңіз! Яғни, тек Сіздің басшылық етуіңізбен Қазақстан барлық сын-қатерден сүрінбей өтері сөзсіз. Осы орайда, біз Сіздің салиқалы саясатыңызды насихаттап, халықтың мақсат-мүддесімен үндесетін жаңалық жаршысы болуға әркез әзірміз. Деніңізге саулық, халқымызға бақ-береке тілейміз. Бас редакторлар клубы.