Өткен аптада облыста ЖРВИ жұқтырудың 3 655 дерегі тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 8 пайызға өскен. Науқастардың арасында 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 65%-ды немесе 2 403 жағдайды құраған.
Санитарлық дәрігерлер маусымдық тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы - екпе екенін атап өтті. Тәуекел тобындағы адамдарды тегін вакцинациялау үшін ресейлік «Гриппол плюс» вакцинасының 60 мың дозасы сатып алынғаны хабарланды.
Айта кетерлігі, мамыр-шілде айларында облыста коронавирус тіркелмеген. Ал тамыз айында бес жағдай тіркелген. Жалпы, жыл басынан бері облыстың 54 тұрғынында коронавирус анықталған.
«Аумақтық тиесілігі бойынша 46% немесе 25 жағдай Петропавл қаласында, 13% - М.Жұмабаев ауданында, 7% - Мамлют ауданында, әрқайсысы 5% - Аққайың, Ғ.Мүсірепов атындағы және Тайынша аудандары, әрқайсысы 4 пайыздан – Айыртау, Қызылжар, Тимирязев және Уәлиханов аудандарында тіркелген», делінген хабарламада.