Автосатымен және баспалдақ маршымен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылған және 54 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланған.
«Өрт сөндірілді. Оқиға орнында 1954 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Сондай-ақ 1994 жылы туған жігіт күйік алып ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі - қасақана өртеу», делінген ТЖМ хабарламасында.