• RUB:
    5.17
  • USD:
    478.54
  • EUR:
    533.76
Басты сайтқа өту
Елорда 25 Қыркүйек, 2024

Астанада бейбіт атомның «қуаты» мен экологиялық тазалығы көрсетілді

78 рет
көрсетілді

Бүгін Астананың орталық саябағында атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының өкілдері бейбіт атомның тиімділігін көрсетуге арналған шағын сәулеттік нысанды орнатты. Іс-шара 28 қыркүйекте аталып өтетін Атом саласы қызметкерлерінің күніне орайластырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығы ұйымдастырған «Көмірдің орнына атом» атты бірегей акция мұнай мен көмір секілді энергия өндірудің басқа дәстүрлі көздерімен салыстырғанда атом энергиясының артықшылықтарын көрсетуге бағытталған.

Қауымдастық өкілдері  салмағы 4,5 грамм бір уран таблеткасын, 350 литр мұнайы бар бөшкелерді және 400 килограмм тас көмірі салынған стендті орнатты.

«Бұл адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіз, төмен байытылған ураны бар, салмағы небәрі 4,5 грамм болатын  уран таблеткасының нақпішіні. Бір қарағанда елеусіз болып көрінгенімен, оның құрамында орасан зор энергиялық әлеует бар», дейді қауымдастықтың менеджері Софья Курий.

Бір уран таблеткасы беретіндей энергияны өндіру үшін 350 литр мұнай немесе 400 килограмм көмір қажет болады.

Спикердің айтуынша, іс-шараның басты мақсаты - ядролық отынның жоғары энергия тығыздығын ғана емес, сонымен бірге оның экологиялық тазалығын көрсету.

«Мамандардың бағалауынша, салмағы 4,5 грамм бір уран таблеткасын қолданғанда атмосфераға шамамен 20 грамм көмірқышқыл газы (СО2) бөлінеді. 350 литр мұнай жағылғанда атмосфераға шамамен 900 килограмм СО2 бөлінеді. Көмірдің зияны одан да көп – 400 кг көмір шамамен 1000 кг көмірқышқыл газын шығарады, оның шамадан тыс мөлшері біздің қоршаған ортаның нашарлауына әкеледі», деп атап өтті С.Курий.

Қауымдастық өкілі атом энергетикасы жай ғана балама емес, болашақтың технологиясы екеніне тоқталды. Ол отандастарымызды болашақ ұрпаққа жер шарын таза қалдыру үшін оның мүмкіндіктеріне назар аударуға шақырды.

«Бұл ақпаратты әлеуметтік желілерде бөлісіңіздер. Атом энергиясының жоғары технологиялық және экологиялық тазалығы туралы мүмкіндігінше көп адам білсін. Біз бірге таза және тұрақты энергетикалық болашаққа қадам жасай аламыз», деп қорытындылады Софья Курий.

Соңғы жаңалықтар