• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Референдум 25 Қыркүйек, 2024

АЭС: Абай облысында талқылау өтті

102 рет
көрсетілді

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі халық штабының мүшелері Абай облысына келіп, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілермен, білім беру саласының мамандарымен және коммуналдық қызметтер саласындағы еңбек ұжымдарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаттың баспасөз қызметінің мәлім етуінше штаб мүшелері «Приречное агрофирмасы» ЖШС-ның базасында облыстағы ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілермен жүздесті. Одан бөлек, «Эйкос» ЖШС-ның кәсіпкерлерімен және қызметкерлерімен, сондай-ақ, коммуналдық сектор кәсіпорындарының ұжымдарымен кездесулер барысында қатысушылар елімізде қалыптасқан экологиялық түйткілдер мен энергия тапшылығына қатысты мәселені жүйелі шешу қажет екенін айтты.

«Президентіміз Жолдауда атап өткендей, 6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты республикалық референдум өтеді. Бүгінде бүкіл әлем климаттың өзгеруіне байланысты қиындықтарға тап болып отыр. Күн сайын ауа-райы өзгеріп жатыр. Қоршаған ортаның ахуалын да бәріміз көріп отырмыз. Биыл Қазақстанда болған алапат су тасқыны да сондай өзгерістердің салдары. Мұндай жағдайда экологияға тигізетін залалды азайтатын және энергияға зиян келтірмейтін тиімді шешімдер қажет», деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар кездесулер барысында экологиялық қауіпсіздік мәселесін шешу кешенді тәсілді және мүдделі тараптардың қатысуын талап ететіні атап өтілді. Өйткені аталған сала барлық маңызды бағытпен тығыз байланысты. Осы орайда ғылымға бағдарланған тәсілге және қазіргі әлемдік тәжірибені зерделеуге ерекше назар аударған жөн. Атап айтқанда, бұл істе жаңа технологияларды зерделеу және өндіріске инновацияны енгізу қажет. Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжде өткен кездесуде білім беру саласының өкілдері аталған ұстанымды қолдайтындарын білдірді.