• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2015

Замана талаптарына сай сайлау

202 рет
көрсетілді

Кеше түстен кейін Орталық сайлау комиссиясы ғимаратының баспасөз орталығында Шанхай ынтымақтастық ұйымынан келген байқаушылар журналистер алдына шығып, президенттік сайлау процесіндегі өздерінің байқаушылық қызметтерінің қорытындысын жариялады. Бұл халықаралық ұйым­нан келген байқаушылар миссия­сының саны 10 адам екен. Соның ішінде байқаушылардың жетекшісі болып ШЫҰ Бас хатшысы Д.Мезенцев келіпті. Ал миссияның мүшелері қатарында ШЫҰ Хатшылығының кеңес­шісі А.Қыдырбеков, ШЫҰ Хат­шылығының аға сарапшысы М.Асейынов, ШЫҰ Хатшылығының бірінші кате­гориядағы сарапшысы Чжун Хуа, ШЫҰ Бас хатшысының көмек­шісі Д.Булгаков, Тәжік­стан өкілі А.Холиков, Өзбек­стан өкілі Т.Мадумаров, Ре­сей Федерациясының өкілі С.Кос­­тенко, Қытай өкілі Сун Лицюнь және Қырғызстан өкілі Г.Журабаева болды. Осы байқаушылардың бәрі қол қойған қорытындының негізгі мазмұны мынадай: Қа­зақстандағы саяси өмір мен демократиялық үдерістердің белсенділігін президенттік лауазымға әуелде 27 азаматтың үміткер ретінде ұмтылғанынан көруге болады. Соның ішінде 3 адам кандидат болып тіркелді. Біздің байқаушылық миссиямыз сайлау науқанының барын­ша ашық, Қазақстан Кон­с­­титуциясының және басқа да заңнамаларының талаптарына сәйкес жүргізілгенін анықтады. Сайлау процесі кезінде біздің миссиямыз Астана, Алматы, Қа­рағанды, Көкшетау, Теміртау, Шымкент қалалары мен Ақмола және Оңтүстік Қазақстан об­лыстарында орналасқан 53 сай­лау учаскелерінде болды. Біздің миссиямыз қазақ­стандықтардың дауыс беруге белсенділікпен қатысқанын айта алады. Біз болған сайлау учаскелерінің кейбірінде «Нұр Отан» партиясы мен ҚКХП өкілдері де жүрді. Сондай-ақ, кандидаттардың сенімді өкіл­дері де байқаушылық қызмет атқарды. Біздің тарапымызға сайлаушылардан да, осы бай­қаушылардан да ешқандай ша­ғым айтылған жоқ. Біз Қа­зақ­стандағы президенттік сайлау демократияның талаптарына сәйкес ашық, еркін және мөлдір өтті деп айта аламыз. Сонымен қатар, біз өз жұмы­сымызды тиянақты және тиімді жүргізуге жағдай жасаған Орта­лық сайлау комиссиясы мен Сырт­қы істер министрлігіне алғыс білдіруді өзіміздің міндетіміз деп санаймыз, делінген қорытынды мәлімдемеде. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».