• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Елорда Кеше

Вандалдар күйші Дина ескерткішінің QR-тақтасын теуіп қиратқан

78 рет
көрсетілді

Астанада күйші Дина ескерткішіндегі QR-код тақтасын белгісіз біреулер қиратып кеткен. Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Төлеген Қуанышев әкімдіктен ескерткіштің маңайына бейнекамера орнатуды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Күйші Дина ескерткішінде QR-код тақтасы орнатылған еді. Соның аяқпен теуіп қиратып кеткен. Камераның өзін болмаса да, муляжын қойса болар еді. Адамдар камера бар екенін көрсе, бақылау бар екенін біліп, аяғын тартушы ма еді?», деді ол қоғамдық кеңестің отырысында.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов қаланың камерамен жабдықтау мәселесі жоспарда бар екенін айтты.

«Былтыр 1200 камера орнаттық. Тағы да конкурс процедуралары жүріп жатыр. Биыл тағы мыңнан астам камера қоямыз. Цифрландыру басқармасына осы жерде тапсырма беремін. Әріптестеріміз айтып отырған ауданда міндетті түрде тұрақты бейнебақылау ұйымдастырылсын. Ол камералар полиция департаментінің жедел басқару орталығына жалғануы керек. Жекелеген парасатсыз азаматтардың тарапынан зақым келетін нысандарға 24 сағаттық бейнебақылау орнатылсын. Бұл мәселені жыл аяғына дейін тындыру керек», деді қала әкімінің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар