• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2015

Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау 29 сәуірде өтеді

228 рет
көрсетілді

  АСТАНА. 28 сәуір. Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Онда Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау 29 сәуірде өтетіні белгілі болды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылғы 26 сәуірде кезектен тыс сайлауда сайланған Қазақстан Республикасының Президентін тіркеу туралы қаулы алды. Сондай-ақ, 2015 жылғы 29 сәуірді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ант беру күні деп белгіледі», – деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев. Еламан Қоңыр. Дерек: «ҚазАқпарат». Сурет: radiotochka.kz.