• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Есірткі 29 Қыркүйек, 2024

Астаналық көпбалалы әйел есірткі саудасының жарнамасымен айналысты деген күдікке ілінді

92 рет
көрсетілді

Астанада баласын арбаға салып, серуендеп жүрген әйелдің әрекеті полицейлердің күдігін туғызған. Тексере келгенде арба ішінен есірткі курьерлері мен дропперлердің заңсыз жұмысын жарнамалайтын QR кодтары бар қағаздар табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада полицейлер бала арбасын сүйреген 27 жастағы келіншекті ұстады. Сырттай қарағанда баласын таза ауаға алып шыққандай көрінетін бұл жағдайдың артында заңсыз схема жасырулы болып шықты.

- Ол есірткі курьерлері мен дропперлердің заңсыз жұмысын жарнамалайтын QR кодтары бар желімі бар қағазды жапсырумен айналысқан. Із кесушілер сыртқы қауіпсіздік камералары жазбаларынан күдікті әрекеттерді байқады: әйел ғимараттарға, подъездерге, шлагбаумдарға, тіпті кондиционерлерге де қағаз жапсырып жүрген. Жедел-іздестіру шараларынан кейін қаскүнем ұсталды, - делінген полиция хабарламасында.

Полиция болжамынша, ол Telegram-дағы арналардың біріне тіркеліп, куратордан тапсырма алып отырған, қала бойынша 500-ге жуық қағазды жапсырып шыққан. Ол үшін оған ақы төлеуге уәде берілген, қалай дегенмен де әйел адам "икемді кестенің" артында қылмыстық әрекеттер тұрғанын жақсы білген.

Қазір күдіктіге қатысты есірткіні насихаттау және оның заңсыз жарнама фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, полиция күмән туғыза қоймайтын жапсырма қағаздар артында үлкен қылмыстар жасырулы болуы мүмкін екенін ескертеді.