• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Қазан, 2024

Жезқазғанда жас қыз есірткі тасымалдағаны үшін сотталды

82 рет
көрсетілді

Жезқазған қаласында аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген айыппен 22 жастағы қыз 10 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Жоғарғы Сотына сілтеме жасап. 

2023 жылдың тамыз айында Жезқазған қаласының 22 жастағы жұмыссыз тұрғыны интернет арқылы белгісіз адаммен танысады. Ол бұған есірткі заттарын сақтау үшін тасымалдаушы болуды ұсынады.  Қызға ақша керек болғандықтан «куратор» ұсынған шартқа келіседі.  

Оның міндеттеріне есірткіні қабылдау, оларды орау және сақтау, кейіннен орындалған жұмыстың көлеміне қарай ақы төлеу кірген.  Белгісіз тұлғамен алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында әрекет ете отырып (материалдар жеке өндіріске бөлінген), ол пакеттерді геолокация бойынша алып, оларды буып-түйіп, Жезқазған қаласында 60 пакетті сатып, оның тұрған жерін суретке түсірген.  

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі тасымалдаушы ұсталып, аталған пакеттер мен телефон  тәркіленген.  

Тергеу барысында «кетпеу туралы қолхатпен» жүргеніне қарамастан,  есірткі тасымалдаушы Шахтинск қаласына қашып кетіп, қылмыстық әрекетін ұқсас схемамен сол жерде жалғастырған.  Алайда ол ұсталып, оның тұрғылықты жерінен есірткі заттары, буып-түюге және бума жасауға арналған құрылғылар табылды.  

Қызға электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, бір топ адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз сақтады деген айып тағылды (ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 1), 2), 3 ), 5) тармақтары). 

Оның кінәсі куәлардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен, бетбелгілердің фотосуреттері табылған телефондарды қараумен, куратормен хат алмасумен және басқа да іс материалдарымен дәлелденді.  

Сотталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.  Апелляция істің барлық мән-жайын зерделей келе, үкім заңды және жасалған қылмысқа сәйкес деп таныды.  

Үкім заңды күшіне енді.