• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Қазан, 2024

Қызылордада 20 бала бұрыш спрейінен уланып қалған

128 рет
көрсетілді

Қызылорда мектептерінің бірінде бұрыш спрейінен уланған 20-дан астам оқушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 3 қазан күні қаладағы мектептердің бірінде оқушы бұрыш спрейін шашып, салдарынан 20-дан астам оқушы өзін жайсыз сезініп, ауруханаға түскен. Олардың барлығы іші және тамағы ауырып, жүректері айнып, ауыздарынан жағымсыз иіс шыққанын айтқан. Зардап шеккен балалардың жастары - 7-12 жас аралығы.

«Бұрыш спрейін қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген полиция хабарламасында.