АСТАНА. 28 сәуір. Футболдан Ресей құрамасының қақпашысы Игорь Акинфеевке файер лақтырып, оны жарақаттап тастаған черногориялық жанкүйер сот жүзінде 3,5 айға сотталды. Бұл туралы vijesti.me сайты хабарлады.
Инцидент үстіміздегі жылғы 28 наурыз күні Черногорияның Подгорица қаласында Еуропа-2016 турнирінің іріктеу ойындары шеңберінде ойналған Черногория – Ресей арасындағы матчтың басында орын алған еді. Бірақ кездесу екінші таймда тоқтатылды.
Ал бұзақылығы үшін ұсталған фанат 3,5 айға қамалумен бірге 750 еуро көлемінде айыппұл төлейтін болды.
Дамир Қожамқұл.
Дерек, сурет: vijesti.me.