АСТАНА. 28 сәуір. Непал билігі жер сілкінісінен қаза болғандарды еске алу үшін үш күндік қаралы күн жариялады. Бұл туралы vesti.ru хабарлады.
«Жер сілкінісінен қаза болғандардың барлығын еске алу үшін біз бүгіннен бастап үш күнді қаралы күн деп жариялауды ұйғардық», – деді Непал премьер-министрі Сушил Коирала ұлттық арнадан берген мәлімдемесінде.
Естеріңізге сала кетейік, 25 сәуір күні Непалда магнитудасы 7,9 баллды құраған жер сілкінісі орын алды. Мұндай жойқын зілзала аталған елде соңғы рет 80 жыл бұрын тіркелген екен. Соңғы мәліметтерге қарағанда, табиғи апат салдарынан қаза болғандар саны 5 мыңнан асты.
Айдар Өрісбаев.
Дерек: vesti.ru.
Сурет: euronews.com.