• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Сәуір, 2015

Шығыс Қазақстанда бойжеткен 5-қабаттан құлап кетті

275 рет
көрсетілді

АСТАНА. 29 сәуір. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының 18 жастағы тұрғыны 5-қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап кетті. Ол ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізілді. Бұл туралы yk-news.kz хабарлады. Оқиға аталған ауданның Первомайск ауылында болған. Дәрігерлер бойжеткеннің бірнеше жерден дене жарақатын алғанын, сондай-ақ, миына зақым келгенін анықтады. Полицейлердің айтуынша, келеңсіз жайт ішімдіктің салдарынан болған. Қазіргі таңда бойжеткен жан сақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Бүгінде тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: yk-news.kz.
Соңғы жаңалықтар