• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Технология 11 Қазан, 2024

Суару кезеңіне - су жаңа техника

147 рет
көрсетілді

Су ресурстары және ирригация министрлігі келесі жылғы суару кезеңіне дайындық аясында «Қазсушар» мекемесінің филиалдарын 757 жаңа техника және арнайы жабдықпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның ішінде шынжыр табанды техника, эксковаторлар, ауыр жүк көліктері мен тракторлар бар. Бұдан бөлек, жаңадан 8 жер снаряд алынады. Бұл - су қоймасының түбін түрлі шөгінділерден тазартуға арналған кемелер. Арнайы техника каналдардың су өткізу қабілетін арттыруға, су қоймаларының экологиялық жағдайын жақсартуға және қосымша бос орын есебінен су сақтау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, ауқымды техниканы жаңарту жұмысы Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Өнеркәсіпті дамыту қорының бірлескен жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Министрлік алдағы бірнеше жылда су шаруашылығы техникаларының 65-70%-ын жаңартуға ниетті.  

«Жаңа техникалар көктемгі жұмыстар басталмай тұрып аймақтарға жеткізілуі керек. Келесі жылы 8 жер снаряд түгел жұмыс істеуі тиіс. Ол үшін барлық филиалдар бүгіннен бастап маман дарялауы қажет. Жаңа техникаларды пайдалану бойынша алдын-ала жоспар әзірлеп, нақты нәтижеге жұмыс жасаған жөн», деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.