• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Қазан, 2024

Қостанай облысында өрттен бес бала көз жұмды

132 рет
көрсетілді

Қостанай облысы, Жітіқара қаласында өткен түні қайғылы оқиға болды. Жеке үйден өрт шығып, 5 баланың мәйіті табылды, деп жазады Egemen.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қаза тапқан балалар 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған. Үйде қараусыз қалған балалардың ішінде 2011 жылы туған жасөспірім ғана аман қалған.

«Бүгін сағат 04:29-да Жітіқара қаласындағы жеке шаруа қожалығының аумағында өрт шығып, салдарынан тұрғын үйдің шатыры опырылып түсті. Құтқарушылар оқиға орнына 7 минут ішінде жетті, үй толығымен өртке оранды. Жалын сағат 06:08-де ауыздықталып, толығымен сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін танысына кеткен. Күйеуі түрмеде отыр», делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Облыстық прокуратура өрт пештің ашық қалуынан болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ал жергілікті атқарушы орган марқұмдардың туыстарына қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді. 

ТЖД мамандары өрттің нақты себебін анықтау үшін өрт-техникалық зерттеу жүргізеді.