• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қазан, 2024

Алматы облысының әкімдігі көз жұмған жасөспірімнің отбасына көмектесетін болды

189 рет
көрсетілді

Алматы облысының әкімдігі Талғарда қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың отбасы тұратын үйді қалпына келтіруге көмектесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы облысының әкімдігі баспанасын өрт шалған Ш. Болаттың отбасына тұрғын үйді қалпына келтіруге көмектесетін болды. Сонымен қатар оларға жөндеу жұмыстары аяқталғанша уақытша баспана беріледі», делінген облыстық әкімдітің хабарламасында.

Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда азық-түлік дүкені жанында жанжал болып, соның салдарынан 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған еді. Аталған оқиғаға қатысты 7 адам қамауға алынды.

Көз жұмған жасөспірімнің туыстары айтып өткендей, оларға шабуыл жасаған қарулы топтың құрамында 13 адам болған. Ал бүгін, яғни 12 қазанда түнде белгісіз біреулер марқұмның туыстары тұратын үйді өртеп жіберген. Бас прокуратура өрт оқиғасына қатысты істі жеке бақылауға алғанын мәлімдеді.